Сүгір Әліұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:28, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сүгір Әліұлы (1882, казіргі Түркістан облысы Созақ ауданы1961, сонда) — күйші-композитор. Ықыластың шәкірті.

Жастайынан ел арасында "домбырашы Сүгір" атанды. Сүгірдің "Телқоңыр", "Майдақоңыр", "Шалқыма", "Ыңғай төк", "Қосбасар", "Бес жорға", "Боз інген", "Ілме", "Ақжелең", "Амангелдіге арнау", "Аққу", т.б. күйлері бар. Сүгір домбырада оң бұраумен қатар теріс бұрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра үнін қобыз үніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Сондықтан күйлерінде қобыз үні басым.

Сүгір күйлері 1964 жылы тұңғыш рет халық аспаптар оркестрінде орындалып, 1968–1969 жылдары нотаға түсірілді. Оның күйлерін насихаттаушылар: Ж. Қаламбаев, Т. Момбеков, У. Бекенов, Г. Асқаров, т.б. Сүгірдің өнері туралы жазушы Т. Әлімқұлов әңгімелер, ақын Б. Батырбекова поэма ("Күйші Сүгір") жазды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Сүгірдің күйлері