Алан Асқарұлы Бөрібаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:23, 2026 ж. мамырдың 22 кезіндегі Tuttiorchestra687 (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Алан Бөрібаев — әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген еуропалық байқаулардың жеңімпазы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

1979 жылы Алматы қаласында туған. Күләш Байсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған музыкалық колледжді скрипка сыныбы бойынша бітіргеннен кейін, опера және симфониялық дирижёрлік бойынша (профессор Төлепберген Әбдірашевтің сыныбы) және скрипка (профессор Р. Мұсақожаеваның сыныбы) мамандығына Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Оқуын Қарағанды филармониялық оркестрінің екінші дирижері мен Астана қаласындағы Қазақ ұлттық академиялық оркестрінің шақырылған дирижері қызметтерімен ұштастырады. Халықаралық байқаулар мен фестивальдар дипломанты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестріне, «Солисттер Академиясы» Мемлекеттік камералық оркестріне дирижерлік етті. Бүгінгі таңда Ирландия елінің Ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі болған. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның түлегі қазірде Еуропалық оркестрлермен жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нидерланд елінің Брабанд оркестрінің бас дирижері болған.

Мансабы

20032007 жылдары Астана Мемлекеттік Филармониясы симфониялық оркестрінің бас дирижері, сонымен қатар 20042007 жылдары Майнингеннің бас музыка директоры. 2007 жылдан бастап Норчёпинг симфониялық оркестрін, 2007 жылдан нидерландтық Брабант оркестрін, ал 2009 жылдан бастап Ирландияның Ұлттық симфониялық оркестрін басқарған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер