Асқар Исмайылұлы Бөрібаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Асқар Исмайылұлы Бөрібаев (1956 жылы 17 сәуірде ОҚО Шардара ауданында туған) - қазақстандық музыкант, мемлекет қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры (2014 жылдан).
Толығырақ
- Асқар Исмайылұлы 1956 жылы 17 сәуірде ОҚО Шардара ауданында дүниеге келген.
- Күләш Байсейітова атындағы республикалық музыка мектебін бітірген.
- 1979 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын концерттік орындаушы, педагог мамандығы бойынша бітірген.
- 1979 - 1981 жылдары П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы
- 1979 1988 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті.
- 1988 - 1991 жылдары Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті.
- 1991 - 2002 жылдары – «Солист Патры» (Грекия) оркестрінің солисі әрі дирижері және онымен қатар Афины консерваториясының профессоры.
- 2002 - 2006 жылдары “Демалыс” қазыналық кәсіпорын директоры, Астана қаласы мәдениет департаментінің директоры.
- 2006 жылдан 2007 жылдың наурыз айына дейін - Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы.
- 2007 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
- 2008 жылдың наурыз айынан бастап 2008 жылдын қыркүйек айына дейін Ә.Қастиеев атындағы мемлекеттік өнер муражайының бас директоры
- 2008 - 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
- 2014 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры.
Шығырмашылығы
- Асқар Исмайылұлы мәдениет саласындағы өзінің қызметі барысында ішекті аспаптар квартетін, «Кончертоне» камералық оркестрінің негізін қалады, «Сон в летнюю ночь» атты классикалық музыка, джаз музыкасының «Астана блюз», «Сарыарқа» халықтық музыка, халықтық би өнеріне арналған «Қос алқа» және «Театр әлемі» секілді фестивальдердің ұйымдастырушысы. Әлемнің 30 елінде концерттік бағдарламамен өнер көрсеткен.
Марапаттары
- Халықаралық конкурстардың лауреаты
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағының иегері.
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері.
- Құрмет ордені
- 2015 жылы "ҚР Конститутциясына 20 жыл" медалі
- 2016 жылы Парасат ордені