Төлеу Құлқаманұлы Бәсенов
Бәсенов Төлеу Құлқаманұлы (12 қыркүйек 1909 жыл, қазіргі Үлгі:Туғанжері, Ақтөбе облысы – 4 мамыр 1976 жыл, Алматы) — тұңғыш қазақ архитекторы, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Архитектура Академиясының коррекция мүшесі (1950).
Бәсенов Қазақстанда қазіргі архитектуралық мектептің негізін салып, Архитекторлар одағын ұйымдастырушылардың, архитектура саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі болды. Санкт-Петербург азаматтық инженерлер институтын бітірген (1933). 1933–1937 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызмет етті. 1937–1941 жылдары Алматы қаласының бас архитекторы, 1944–1954 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы архитектура басқармасының бастығы, 1958–1976 жылы Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетіті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Ол Алматы қаласының бас жоспарын, Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонын, Алматыдағы Достық даңғылының бас жобасын (1968–1969), Халықаралық Алматы әуежайының бірінші кешенін (1936–1937), Қазақ опера және балет театрының үйін (1941), Аманкелді ескерткішінің архитектуралық жоспарын (1949–1951), тұрғын үйлерді жобалалау жұмыстарын кәсіби шеберлікпен орындап шықты. Батыс Қазақстан архитектуралық ескерткіштерін зерттеп, Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасады. Бәсенов «Сам аймағындағы архитектуралық ескерткішер» (1947), «Қазақстан архитектурасындағы өрнектер» (1957), «Архитектура және қала құрылысы» (1974), т.б. еңбектердің авторы. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік архитектура және құрылыс академиясының үздік студенттеріне Төлеу Бәсенов атындағы диплом тағайындалған.