Владимир Георгиевич Григорян
Үлгі:Суретші Владимир Георгиевич Григорян (1961 жылы 27 желтоқсанда Әзірбайжан КСР Баку қаласында туған) - кеңес және қазақстандық суретші.
Мазмұны
Өмірбаяны
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін (1990) бітірген, сызу және сурет пәнінің мұғалімі.
1980 жылдан - Баку мемлекеттік циркінің әрлеуші суретшісі.
1990 жылдан - Ақтау қаласының 2-автокөлікті механикаландыру басқармасының әрлеуші суретшісі.
1996 жылдан - Ақтау өнер колледжінің оқытушысы. 2000 жылдан - Алматы қаласындағы №83 өнер мектеп-гимназиясының бейнелеу енері пәнін оқытушысы.
2009 жылдан бері - «Сымбат» бизнес және сән академиясындағы «Сурет және кескіндеме» кафедрасының оқытушысы.
Шығармалары мен еңбектері
«Каталон готикасындағы витраж» мақаласының авторы («Индустрия дизайна и технологии» журналы, №3, 2009). Бейнелеу өнерінің түрлері-кескіндеме, графика, керамика. «Жаңа күн» (1998), «Давид пен Саул» (2000), «Кездесу» (2001), «Мереке» (2005), «қанат сыбдыры» (2007), «Есіктер» (2008), «Қақпа алдында» (2009) шығармаларының авторы.
Жеке көрмелерін өткізген: Ақтау қаласының облыстық көрме залында (1992, 1994); «Пространство, лишенное тверди» («Тенгри-Умай» галереясы, 1996); Anno Domini («Тенгри-Умай» галереясы, 1999); «Слово к Богу из глубин сердца» («Ковчег» галереясы, Ақтау қ., 1999); The light of the world (АҚШ, 2000); «Соприкосновение» («Ковчег» галереясы, Ақтау қ., 2001); «Эдемдегі серуендер» («Тәңірі-Ұмай» галереясы, 2003); «Бастау» («Ковчег» галареясы, Ақтау қаласы, 2005); «Бесінші күн» («Вояджер» галереясы, Алматы қаласы, 2006); «Бірге» (Невзоровтар атындағы бейнелеу өнерінің мұражайы, Семей қ., 2006; «Арвест» галереясы, Алматы қаласы, 2008); En el principio (Барселона қаласы, Испания, 2008; Тосса де маар қаласы, Испания, 2009).
Шығармалары отандық және шетелдік көрмелерге қойылуда (1990 жылдан): Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (2000, 2001); «Саяхатқа сүйіспеншілікпен» халықаралық жобасында (Ақтау қ., 2003); «Түпсіз Азия көгінің астында» халықаралық ленд-арт жобасында (Есік қаласы, 2005); Salle Augustin - chenier халықаралық миниатюра биенналесінде (Канада, 2006); Алматы қаласының Орталық керме залында (2006, 2008) және т.б. Еңбектері Қазақстан, Ресей, АҚШ, Англия, Швеция, Венгрия, Израиль, Австралия, Түркияның коллекцияларында сақталуда.
Марапаттары мен атақтары
ҚР Суретшілер одағының мүшесі. ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері (2006). Дипломдармен және грамоталармен марапатталған.
Жеке өмірі
Ұлты - Армян.
Әкесі - Григорьян Георгий Макиевич. Анасы - Григорьян Мария Тадевосовна.
Үйленген. Жұбайы - Григорьян Елена Суреновна, суретші, педагог. Қызы - Григорьян Эльвира Владимировна, дизайнер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>