Владимир Георгиевич Григорян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Георгиевич Григорян 1961 жылы 27 желтоқсанда Әзірбайжан КСР Баку қаласында туған. Армян. Әкесі - Григорьян Георгий Макиевич. Анасы - Григорьян Мария Тадевосовна.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін (1990) бітірген, сызу және сурет пәнінің мұғалімі.

Орыс және армян тілдерін біледі. «Каталон готикасындағы витраж» мақаласының авторы («Индустрия дизайна и технологии» журналы, №3, 2009). Бейнелеу өнерініңтүрлері-кескіндеме, графика, керамика. «Жаңа күн» (1998), «Давид пен Саул» (2000), «Кездесу» (2001), «Мереке» (2005), «қанатсыбдыры» (2007), «Есіктер» (2008), «Қақпа алдында» (2009) шығармаларының авторы. Жеке көрмелерін өткізген: Ақтау қаласының облыстық көрме залында (1992, 1994); «Пространство, лишенное тверди» («Тенгри-Умай» галереясы, 1996); Anno Domini («Тенгри-Умай» галереясы, 1999); «Слово к Богу из глубин сердца» («Ковчег» галереясы, Ақтау қ., 1999); The light of the world (АҚШ, 2000); «Соприкосновение» («Ковчег» га- лереясы, Ақтау қ., 2001); «Эдемдегі серуендер» («Тәңірі-¥май» галереясы, 2003); «Бастау» («Ковчег» галареясы, Ақтау қаласы, 2005); «Бесінші күн» («Вояджер» галереясы, Алматы қаласы, 2006); «Бірге» (Невзоровтар атындағы бейнелеу өнерінің мұражайы, Семей қ., 2006; «Арвест» галереясы, Алматы қаласы, 2008); En el principio (Барселона қаласы, Испания, 2008; Тосса де маар қаласы, Испания, 2009). Шығармалары отандықжәне шетелдік көрмелерге қойылуда (1990 жылдан): Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (2000, 2001); «Саяхатқа сүйіспеншілікпен» халықаралық жобасында (Ақтау қ., 2003); «Түпсіз Азия көгінің астында» халықаралық ленд-арт жобасында (Есік қаласы, 2005); Salle Augustin - chenier халықаралық миниатюра биенналесінде (Канада, 2006); Алматы қаласының Орталық керме залында (2006, 2008) және т.б. Еңбектері Қазақстан, Ресей, АҚШ, Англия, ІІІвеция, Венгрия, Израиль, Австралия, Түркияның коллекцияларында сақталуда.

1980 жылдан - Баку мемлекеттік циркінің әрлеуші суретшісі.

1990 жылдан - Ақтау қаласының 2-автокөлікті механикаландыру басқармасының әрлеуші суретшісі.

1996 жылдан - Ақтау өнер колледжінің оқытушысы. 2000 жылдан - Алматы қаласындағы №83 өнер мектеп-гимназиясының бейнелеу енері пәнін оқытушысы.

2009 жылдан бері - «Сымбат» бизнес және сән академиясындағы «Сурет және кескіндеме» кафедрасының оқытушысы.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі. ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері (2006).Дипломдармен және грамоталармен марапатталған.

Әскери атағы - аға матрос. Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди. Хоббиі - филателия. Сүйіп оқитын әдебиеті - Низами, Нарекаци поэзиясы.

Үйленген. Жұбайы - Григорьян Елена Суреновна, суретші, педагог. Қызы - Григорьян Эльвира Владимировна, дизайнер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub