Сейдолла Бәйтереков
Үлгі:Музыкант Сейдолла Бәйтереков (10 мамыр 1945 жылы, Түркістан облысы, Түркістан ауданы - 1998 жылы, Алматы) – қазақстандық әйгілі композитор, дирижëр, Қазақстанға Еңбегі сіңген өнер қайраткері.
Толығырақ
Шымкент музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1977 - 1992 жылдары С. Бәйтереков Алматы мемлекеттік консерваториясының ұстазы, “Қазақконцерт” бірлестігінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері, Алматы қалалық музыкалық ансамбльдер бірлестігінің директоры көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. 1990 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін “Саз” дыбыстық жазба Мемлекеттік студиясының директоры болып қызмет атқарды. С. Бәйтереков кинофильмдерге, драмалық қойылымдарға музыка жазды. Оның симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарынан берік орын алды. Оның “Әлия”, “Күнге табыну”, “Дос туралы жыр”, “Түркістан” әндері музыка сүйер қауымның рухани азығына айналды.
«Әлия»- Әні С. Бәйтерековтікі, сөзі Б. Тәжібаевтікі орынд. Р Рымбаева.
Мемлекеттік марапаттары
- 1994 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өз қолынан қазақ музыка өнеріне сіңірген еңбектері үшін «Қазақстанға Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құретті атағымен марапаттады.
- 10 мамырда туғандар
- 23 мамырда қайтыс болғандар
- Қазақстан сазгерлері
- КСРО сазгерлері
- Қазақстан дирижерлері
- Сазгер-өлеңшілер
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Қазақстан педагогтары
- Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары
- Қазақконцерт тұлғалары
- Шымкент саз колледжі түлектері