Әнуар Боранбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Боранбаев Әнуар (1 наурыз 1948, Қостанай облысы, Амангелді ауданы14 желтоқсан 1999, Алматы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1998).

Өмірбаяны

Алматы консерваториясын бітірген (1970).

Ұзақ жылдар бойы Қазақ академиялық драма театрының актері болды.

"Актер үшін қашан да рөл жасау, рөл дауысы шықса, одан артық қуаныш жоқ" деген сөздер Әнуар Боранбаевтың көрермендеріне арналған алғыс сөздер.

Аңғарымпаз, ойы жүйрік, өресі кең, тілге шешен, үні әсем, еңбекке икемді. Қоғамдық жұмыстарға да өз үлесін қосқан актерлердің бірі болған.

Қазақ газетіндегі сұхбатының соңын: «Құрметтерін білдірген азаматтарға, өнеріме көрсеткен ықыластары үшін үлкен ризашылығымды айтқым келеді» деген ілтипат сөздермен аяқтаған.

Театрдағы және фильмдегі рөлдері

Алғашқы ойнаған рөлдері — М.Әуезовтің “Түнгі сарынындағы” мұғалім Сапа мен Ә.Әбішевтің “Белгісіз батырындағы” Жандос. Боранбаевтың актерлік шеберлігінің қалыптасуына М.Әуезов пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөлдері ерекше ықпал етті. Олардың ішінде “Қарагөздегі” Сырым, “Айман — Шолпандағы” Арыстан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Бірсімбай, “Еңлік — Кебектегі” Кембай, ұлы жазушы аударған У. Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Люченцио рөлдері — актердің үлкен шығармашылық жемісі. Сондай-ақ, Еламан (Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен терінде”), Жәкен (Қ. Мұхамеджановтың “Біз періште емеспізінде”), Момын шал (Ш. Айтматовтың “Ақ кемесінде”), Бөгембай (Т. Ахтановтың “Антында”), Майсалбек (Айтматовтың “Ана — Жер-Анасында”), Тергеуші (Әуезовтің “Қилы заманында”), Полковник (С. Ахмадтың “Келіндер көтерілісінде”), Незнамов (А.Н. Островскийдің “Жазықсыз айыптыларында”), т.б. бейнелері — актердің сахналық табыстары болып табылады.

Боранбаев кинофильмдерге түсіп, ірі экрандық бейнелерді де сомдады. Мысалы, Тастан (“Гауһартаста”), Қойшы (“Біздің үй көгілдір таулар ортасында”), Рысқұлов (“Түрксібте”), т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Фильмографиясы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер