Әнуар Боранбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Боранбаев Әнуар (1.3. 1948 ж.т., Қостанай облscs Амангелді аудfys — 14.12.1999, Алматы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1998). Алматы консерваториясын бітірген (1970). Ұзақ жылдар бойы Қазақ академиялық драма театрының актері болды. Алғашқы ойнаған рөлдері — М.Әуезовтің “Түнгі сарынындағы” мұғалім Сапа мен Ә. Әбішевтің “Белгісіз батырындағы” Жандос. Б-тың актерлік шеберлігінің қалыптасуына М. Әуезов пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөлдері ерекше ықпал етті. Олардың ішінде “Қарагөздегі” Сырым, “Айман — Шолпандағы” Арыстан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Бірсімбай, “Еңлік — Кебектегі” Кембай, ұлы жазушы аударған У. Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Люченцио рөлдері — актердің үлкен шығармашылық жемісі. Сондай-ақ, Еламан (Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен терінде”), Жәкен (Қ. Мұхамеджановтың “Біз періште емеспізінде”), Момын шал (Ш. Айтматовтың “Ақ кемесінде”), Бөгембай (Т. Ахтановтың “Антында”), Майсалбек (Айтматовтың “Ана — Жер-Анасында”), Тергеуші (Әуезовтің “Қилы заманында”), Полковник (С. Ахмадтың “Келіндер көтерілісінде”), Незнамов (А.Н. Островскийдің “Жазықсыз айыптыларында”), т.б. бейнелері — актердің сахналық табыстары болып табылады. Боранбаев кинофильмдерге түсіп, ірі экрандық бейнелерді де сомдады. Мысfks, Тастан (“Гауїартаста”), Қойшы (“Біздің үй көгілдір таулар ортасындада”), Рысқұлов (“Түрксібте”), т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әнуар Боранбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}