Ерік Қалиұлы Жолжақсынов
Үлгі:Кинематограф Ерік Қалиұлы Жолжақсынов (15 мамыр 1959 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қарақас ауылы) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Астана Циркінің бас директоры.
Өмірбаяны
1959 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қарақас ауылында дүниеге келген. Әкесі — Жолжақсынов Қали, марқұм, ұжымшардың төрағасы болған. Анасы — Жолжақсынова Жазира, марқұм, мұғалім болған. Ағасы Досқан Қалиұлы Жолжақсынов.
1977 жылы Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын тәмәмдаған. 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті.<ref name=":0">http://lang.kazakhfilmstudios.kz/kz/actors/famous/zholzhaksynov_eҮлгі:Deadlink</ref> 1989 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің актері (қазіргі — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
2011 жылдан «Астаналық цирк» МКҚК бас директоры<ref name=":0" />
ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985 жылдан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). 2005 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Әскери шені — капитан.
Отбасылық жағдайы
Үйленген. Жұбайы: актриса, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қымбат Тілеуова. Ұлы — Жолжақсынов Мадиар (1986 жылы туған); қыздары — Жолжақсынова Қорлан (1987 жылы туған), Жолжақсынова Айханым (2001 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Фильмдері
- 1980 — Ойлануға кеткен ай (Үлгі:Lang-ru);
- 1980 — Невозможные дети;
- 1982 — Қош бол, Медеу (Үлгі:Lang-ru);
- 1984 — Ақ барыстың ұрпағы (Үлгі:Lang-ru);
- 1986 — Жәбірленушілерде шағым жоқ (Үлгі:Lang-ru);
- 1986 — Махаббат сағымдары (Үлгі:Lang-ru);
- 1988 — Таудан асып (Үлгі:Lang-ru);
- 1989 — Кек (Үлгі:Lang-ru);
- 1990 — Қараңғылық әміршісі (Үлгі:Lang-ru);
- 1994 — Қара балықтың іздері;
- 1998 — Заман-ай;
- 1998 — Омпа;
- 2000 — Чек;
- 2000 — Тоғысқан тағдырлар (Үлгі:Lang-ru); сериал;
- 2003 — Күнә / Қасиетті күнә;
- 2004 — Түнгі блюз;
- 2005 — Көшпенділер;
- 2005 — Күнә;
- 2005 — Сағым;
- 2006 — Хоккайдо полициясы (Үлгі:Lang-ru);
- 2006 — Кек;
- 2007 — Мангазейге жол;
- 2008 — Махамбет / Махамбеттің қылышы (Үлгі:Lang-ru);
- 2008 — Уылдырық-өмір;
- 2008 — Күміс (Үлгі:Lang-ru);
- 2009 — Прыжок афалины;
- 2009 — Ағайынды (Үлгі:Lang-ru); сериал;
- 2009 — Лавэ;
- 2010 — Махаббат тәлкегі (Үлгі:Lang-ru, Қазақстан, Ресей);
- 2010 — Хоккайдо полициясы. Орыс бөлімі (Үлгі:Lang-ru); аяқталмаған;
- 2012 — Ведьмин ключ (Ресей);
- 2012 — Жаужүрек мың бала;
- 2012 — Испытание (Ресей).<ref>http://www.kinopoisk.ru/name/290247/</ref><ref>http://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/post/40775/works/</ref>
- 2015 — Қазына.
Марапаттары
- ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1985);
- КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1989);
- ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998).
- 2016 жылғы президент жарлығы бойынша "Парасат" орденімен марапатталды.
- 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі.