Жұпар Манапова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:54, 2025 ж. желтоқсанның 26 кезіндегі RaiymbekZh (Талқылауы) істеген түзету
Жұпар Манапова (25 желтоқсан 1925, Алматы — 10 шілде 2006) - актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1980). Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
- Алматы музыка училищесін бітірген (1947).
- Орал облыстық музыка комедия театрының құрамына кабылданды. Осы театр сахнасында койылған Р.Фримл мен Г.Стотхарттың опереттасында тұңғыш рет Роз-Маридің ролінде ойнады.
- 1948 жылдан Атырау облыстық қазақ драма театрында актриса. Рольдері Қыз Жібек, Баян (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегі" мен "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Тоғжан (М.Әуезовтің "Абайында"), Лағыл (Ә.Әбішевтің "Кім менің әкем?" спектаклінде: осы рөлі үшін 2-Республикалық драма театрлары байқауының лауреаты атанды, 1950), Комиссар (В.В. Вишневскийдің "Оптимистік трагедиясында"), Аркадина (А.П. Чеховтың "Шағаласында"), Лидия (А.Н. Островскийдің "Ұшынған ақшасында"), Маруся (А.А. Дударевтің "Тоскауылында") т.б.
"Құрмет белгісі" орденімен жөне медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 25 желтоқсанда туғандар
- 1925 жылы туғандар
- Алматыда туғандар
- Қазақстан актрисалары
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Алматы музыка колледжі түлектері
- Батыс Қазақстан облыстық музыкалы комедия театры әртістері
- Атырау облыстық қазақ драма театры әртістері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- 2006 жылы қайтыс болғандар
- 10 шілдеде қайтыс болғандар