Жұпар Манапова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұпар Манапова (25.12.1925 жылы туған, Алматы) - актриса, Қазақстанның халық артисі (1980). Алматы музыка училищесін бітірген (1947). Орал облыстық музыка комедия театрының құрамына кабылданды. Осы театр сахнасында койылған Р.Фримл мен Г.Стотхарттың опереттасында тұңғыш рет Роз-Маридің ролінде ойнады. 1948 жылдан Атырау облыстық қазақ драма театрында актриса. Рольдері Қыз Жібек, Баян (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегі" мен "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Тоғжан (М.Әуезовтің "Абайында"), Лағыл (Ә.Әбішевтің "Кім менің әкем?" спектаклінде: осы рөлі үшін 2-Республикалық драма театрлары байқауының лауреаты атанды, 1950), Комиссар (В.В. Вишневскийдің "Оптимистік трагедиясында"), Аркадина (А.П. Чеховтың "Шағаласында"), Лидия (А.Н. Островскийдің "Ұшынған ақшасында"), Маруся (А.А. Дударевтің "Тоскауылында") т.б. "Құрмет белгісі" орденімен жөне медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}