Дмитрий Анатольевич Скирта

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Skirta.JPG
Дмитрий Анатольевич Скирта

Дмитрий Анатольевич Скирта 1972 жылы 29 қазанда РКФСР Курск қаласында туған. Орыс.

Иркутск театр училищесін бітірген (1992), драма театрының актері. 1992 жылдан - Апматы қаласындағы «Бенефис» театрының актері. 1994 жылдан бері - Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.

76 рөлде ойнаған; «Үйрекке аңға шығу» (Н. Сац атындағы ЖКТ), «Гарольд және Мод» (Н. Сац атындағы ЖКТ), «Бақытты Ганс» (Республикалық неміс драма театры) спектакльдерін қойған. «Үйрекке аңға шығу», «Ромео және Джульетта» және т.б. спектакльдерінде ойнайды. «Обратная сторона», «Перекресток» (доктор Никита), «Кайрат-чемпион. Девственник №1» (Мадлен) көркем кинофильмдеріне түскен. «Огоньки» (КТК) телебағдарламасының, «Алматы - моя первая любовь» ретро-фестивалінің жүргізушісі.

ҚР Президенті сыйлығының лауреаты. ҚР Еңбек сіңірген әртісі.

Үйленген. 3 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub