Дмитрий Анатольевич Скирта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дмитрий Анатольевич Скирта 1972 жылы 29 қазанда РКФСР Курск қаласында туған. Орыс. Иркутск театр училищесін бітірген (1992), драма театрының актері. Орысжәне ағылшын тілдерін біледі. 1992 жылдан - Апматы қаласындағы «Бенефис» театрының актері. 1994 жылдан бері - Н. Сац атындағы Мемлекеттік балалар мен жастарға арналған академиялық орыс театрының актері. 76 рөлде ойнаған; «Үйрекке аңға шығу» (Н. Сац атындағы ЖКТ), «Гарольд және Мод» (Н. Сац атындағы ЖКТ), «Бақытты Ганс» (Республикалық неміс драма театры) спектакльдерін қойған. «Үйрекке аңға шығу», «Ромео және Джульетта» және т.б. спектакльдерінде ойнайды. «Обратная сторона», «Перекресток» (доктор Никита), «Кайрат-чемпион. Девственник №1» (Мадлен) көркем кинофильмдеріне түскен. «Огоньки» (КТК) телебағдарламасының, «Алматы - моя первая любовь» ретро-фестивалінің жүргізушісі. ҚР Президенті сыйлығының лауреаты. ҚР Еңбек сіңірген әртісі. Діни көзқарасы - христиан. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бәрі жақсы болады». Хоббиі - тау шаңғысы, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - шетел және қазіргі заман драматургиясы. Үйленген. 3 баласы бар. СКИРТА Дмитрий.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub