Евгений Яковлевич Диордиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:18, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Евгений Яковлевич Диордиев (20 қазан 1912, Одесса – 10 сәуір 1985, Алматы) – орыс актері, режиссер. Қазақстанның(1955), және КСРО (1970) халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982).


1946 жылы Қазақстанға келіп, өмірінің соңына дейін Алматыдағы Орыс драма театрында актер әрі режиссер болды. А. Горький, К. Симонов, К. Тренев, Л. Шейнин, В. Лацис, А. Островский, А. Чехов, Н. Гоголь, У. Шекспир, А. Толстойдың пьесаларында басты рөлдерде ойнады. Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай» трагедиясындағы Ерденнің бейнесін сомдап, шынайы шеберлігін танытты.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Марапаттары

  • Ленин ордені
  • Халықтар Достығы ордені
  • КСРО халық әртісі
  • Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иесі
  • Қазақстан халық әртісі

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті