Евгений Яковлевич Диордиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Евгений Яковлевич Диордиев (20 қазан 1912, Одесса – 10 сәуір 1985, Алматы) – орыс актері, режиссер. Қазақстанның(1955), және КСРО (1970) халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982).
1946 жылы Қазақстанға келіп, өмірінің соңына дейін Алматыдағы Орыс драма театрында актер әрі режиссер болды. А. Горький, К. Симонов, К. Тренев, Л. Шейнин, В. Лацис, А. Островский, А. Чехов, Н. Гоголь, У. Шекспир, А. Толстойдың пьесаларында басты рөлдерде ойнады. Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай» трагедиясындағы Ерденнің бейнесін сомдап, шынайы шеберлігін танытты.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Марапаттары
- Ленин ордені
- Халықтар Достығы ордені
- КСРО халық әртісі
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иесі
- Қазақстан халық әртісі
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті