Алексей Геннадьевич Ни

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:55, 2024 ж. наурыздың 18 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Алексей Геннадьевич Ни (24.07.1961, Таразда туған) - ауыр атлетикадан жаттықтырушы. Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Корей.

Білімі

Еңбек жолы

  • 1984 жылдан - Жамбыл қаласы БЖСМ ауыр атлетикадан жаттықтырушы.
  • 1986 жылдан - Алматы қаласы «Буревестник» ЕСҚ ауыр атлетикадан жаттықтырушы.
  • 1988 жылдан - Алматы қаласы АСК-12 ауыр атлетикадан жаттықтырушы.
  • 1990 жылдан - ауыр атлетикадан ҚР жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы.
  • 1994 жылдан бері - ауыр атлетикадан ҚР командасының бас жаттықтырушысы.

Жетістіктері

Халықаралық санаттағы 2 спорт шеберін; 9 спорт шеберін; олимпиада чемпионы Илья Ильинді; Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Филимонов Сөргейді, Некрасова Иринаны, Важенина Апланы, Грабовецкая Марияны; әлем чемпиондары Владимир Седовты, Светлана Подобедованы тәрбиелеген.

Марапаттары

  • Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
  • «Құрмет» орденімен марапатталған.

Әскери шені

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Отбасы

  • Әкесі - Ни Геннадий Николаевич, марқұм, экономист болып жұмыс істеген. Анасы - Цхай Галина Ефремовна, зейнеткер, математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
  • Үйленген. Жұбайы - Ни Ирина Владимировна, концертмейстер.
  • Ұлы - Ни Владимир Алексеевич;
  • қызы - Ни Татьяна Алексеевна<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала