Алексей Геннадьевич Ни

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}

Алексей Геннадьевич Ни - 1961 жылы 24 шілдеде Жамбыл қаласында туған. Корей. Әкесі - Ни Геннадий Николаевич, марқұм, экономист болып жұмыс істеген. Анасы - Цхай Галина Ефремовна, зейнеткер, математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын (1983), инженер-гидротехник; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының жаттықтырушы факультетін бітірген (1989), ауыр атлетикадан жаттықтырушы. Орыс және ағылшын тілдерін біледі.

  • 1984 жылдан - Жамбыл қаласы БЖСМ ауыр атлетикадан жаттықтырушы.
  • 1986 жылдан - Алматы қаласы «Буревестник» ЕСҚ ауыр атлетикадан жаттықтырушы.
  • 1988 жылдан - Алматы қаласы АСК-12 ауыр атлетикадан жаттықтырушы.
  • 1990 жылдан - ауыр атлетикадан ҚР жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы.
  • 1994 жылдан бері - ауыр атлетикадан ҚР командасының бас жаттықтырушысы. Халықаралық санаттағы 2 спорт шеберін; 9 спорт шеберін; олимпиада чемпионы Илья Ильинді; Олимпиада ойындарының күмісжүлдегерлері Филимонов Сөргейді, Некрасова Иринаны, Важенина Апланы, Грабовецкая Марияны; әлем чемпиондары Владимир Седовты, Светлана Подобедованы тәрбиелеген.

Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің ең дамыған 30 өлінің қатарында».
Хоббиі - футбол.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиеттер, фантастика.

Үйленген. Жұбайы - Ни Ирина Владимировна, концертмейстер. Ұлы - Ни Владимир Алексеевич; қызы - Ни Татьяна Алексеевна.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub