Қайрат Тұрсынқанұлы Сәтжанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Боксшы

Қайрат Тұрсынқанұлы Сәтжанов (1970 жылғы 29 қаңтар, Аягөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы) — Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері (2021–2022 және 2024–2026). Сәтжанов өзінің жаттықтырушылық мансабында 9 әлем чемпионын және 43 Азия чемпионын тәрбиелеп шығарды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өмірбаяны

Қайрат Сәтжанов 1970 жылы 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған.

Бапкерлік қызмет

Жасөспірімдер құрамасы (2011–2019)

Еңбек жолын туған қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (ДЮСШ) бокс жаттықтырушысы ретінде бастады. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болды.

  • Қазақстан құрамасы екі мәрте «Азия балалары» халықаралық ойындарының медальдық есепте көш бастады;
  • 2013 жылғы әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді;
  • 2015 жылғы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль алды;
  • 2013 жылғы Азия чемпионатында 8 алтын, 2 күміс, 1 қола,
  • 2017 жылғы Азия чемпионатында 8 алтын, 2 күміс, 2 қола.

Жастар құрамасы (2019–2021, 2024)

2019 жылдан бастап жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. 2019 жылғы Азия чемпионатында алты алтын, 1 күміс, 2 қола медал, ал 2021 жылғы Азия чемпионатында сегіз алтын, екі күміс және екі қола жүлде жеңіп, командалық есепте жеңіске жетті.

2024 жылдың сәуір айында Әділ Бағыраевтың орнына Жастар құрамасының бас бапкері болып қайта тағайындалды<ref>Үлгі:Cite web</ref> Бас бапкердің көмекшісі – Бағдат Оңғарбеков. 2024 жылғы Азия чемпионатында (Астана) 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль алып, командалық есепте бірінші орын алды.

Ұлттық құрама (2021–2022)

2021 жылы Ғалымбек Кенжебаевты (2018-2021) ауыстырып Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2021— Әлем чемпионаты, Белград (Сербия)

2021 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте кубалықтардан кейін 2-орын алды (2 алтын, 2 күміс, 1 қола). Ал үшінші орында жапондықтар, төртінші орында америкалықтар. Ресей бесінші орында, ал Өзбекстан командасы 13 орында орналасты.

  • 🥇 Темиртас Жусупов (48 кг)
  • 🥇 Сакен Бибосынов (51 кг) 
  • 🥈 Махмуд Сабырхан (54 кг),
  • 🥈 Серик Темиржанов (57 кг) 
  • 🥉 Абылайхан Жусупов (69 кг) 
2022 — Азия чемпионаты, Амман (Иордания)

2022 жылы Иорданияда өткен Азия чемпионатында құрамасы тағы да 2-орын иеленді (3 алтын, 6 күміс, 3 қола)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

  • 🥇 Санжар Ташкенбай — 46–48 кг
  • 🥇 Асланбек Шымбергенов — 71 кг
  • 🥇 Айбек Оралбай — 92 кг
  • 🥈 Сәкен Бибосынов — 51 кг
  • 🥈 Махмұд Сабырхан — 54 кг
  • 🥈 Серік Теміржанов — 57 кг
  • 🥈 Дулат Бекбауов — 67 кг
  • 🥈 Нұрқанат Райыс — 75 кг
  • 🥈 Қамшыбек Қоңқабаев — +92 кг
  • 🥉 Саматали Тольтаев — 60 кг
  • 🥉 Нұрбек Оралбай — 80 кг
  • 🥉 Сағындық Тоғамбай — 86 кг

2023 жылдың қаңтар айында Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені хабарланды. Бұл жаңалық Олимпиада ойындарына жолдамалар үшін іріктеу кезеңі басталатын уақытта күтпеген жағдай болды. Қайрат Сәтжанов өзінің отставкасын денсаулық жағдайымен түсіндірді. Ол 2022 жылдың жазында науқастанып, үштік және бет жүйкелеріне суық тигенін, нәтижесінде бетінде ауытқушылық пайда болғанын айтты. Осыған байланысты ұзақ мерзімді ем қабылдау қажеттігін мәлімдеді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2023-2024 жылдар аралығында облыстық ауыр атлетика мектебінің директоры.

Ұлттық құрама (2024 – қаңтар 2026)

2024 жылғы Париж олимпиадасындағы Қазақстан бокс құрамасының сәтсіздігінен кейін бапкерлік құрам толық ауыстырылды. Қыркүйекте Қайрат Сәтжанов қайтадан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Сонымен қатар бокс федерациясының шешімімен бас бапкерлерге жеке шәкірт ұстауға тыйым салынды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2025 — Әлем чемпионаты World Boxing (Ливерпуль, Иордания)

2025 жылғы 4-14 қыркүейек аралығында Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымдастырған тұңғыш Әлем чемпионатында ерлер командасы 4 алтын медаль жеңіп алды: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай. Чемпионатта ерлер мен әйелдер қатар ойнағандықтан командалық есеп екеуін қоса есептелді. Қыздар 3 алтын, 1 күміс алды. Жалпыкомандалық есепте 7 алтын медальмен Қазақстан құрамасы 1 орын алды. Ерлер арасында Өзбекстан 6 алтын медаль жеңіп алды.

  • 🥇 Санжар Ташкенбай (50 кг)
  • 🥇 Махмұд Сабырхан (55 кг)
  • 🥇 Төрехан Сабырхан (70 кг)
  • 🥇 Айбек Оралбай (+90 кг)
2025 — Әлем чемпионаты IBA (Дубай, БАӘ)

2025 жылдың 3-14 желтоқсан күндері Дубай қаласында IBA ұйымдастыруымен Әлем чемпионаты өтті. Қазақстан жарысқа екінші номерлі спортшылар мен Ливерпульде өткен чемпионатта жүлдеге іліге алмаған спортышларды апарды. 13 салмақ дәрежесі бойынша құрама сапында 13 спортшы барды.

Қазақстан ұлттық құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте Ресейден кейін 2 орын алды. Өзбекстан құрамасы 3 орын иеленді.

2026 жылдың 10 қаңтарда денсаулығына байланысты бас бапкер қызметінен кеткендігі белгілі болды. Жаңа қызметке ұлттық құраманың бапкері Нұржан Насанов тағайындалды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Марапаттары

Жеке өмірі

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше Қайрат Сәтжанов отбасылы, тоғыз баласы бар (алты қызы және үш ұлы). Оның сүйікті спортшылары — Мұхаммед Әли және Дәулет Тұрлыханов. Бокстан бөлек күресті ұнатады. Хоббиі — футбол және үстел теннисі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер