Атакент (кент)
Атакент (1998 жылға дейін – Ильич)<ref>Жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауын өзгерту туралы</ref> — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы кент, темір жол бекеті, Атакент кенттік әкімдігі мен Мақтаарал ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Мырзакент кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 13620 | Үлгі:Өсім16402 | Үлгі:Өсім19240 | 117,3 | 7937 | Үлгі:Өсім9531 | 120,1 | 8465 | Үлгі:Өсім9709 | 114,7 |
Тарихы
Іргесі 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал совхоз-техникумы ұйымдастырылуына байланысты құрылып, 1932 жылы Ильич кентіне айналды. 1940-57 жылдары аудан орталығы болды. 1969 жылы кентте одақтық маңызы бар «Мақтаарал» тәжірибе стансасы құрылды. 1998 жылдан Атакент аталады. «Мақтаарал» мақта шаруашылығы негізінде 2 акционерлік қоғам, 3 өнеркәсіп, бірнеше шаруа қожалықтары құрылып, «ЮТЕКС» жаңа мақта тазарту зауыты, шитті мақта қалдығынан (улюк) медициналық мақсаттарға пайдаланатын мақта (вата) шығаратын фабрика іске қосылды.
Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін 4 мектеп (№5 Мақтаарал мектеп-гимназия, №6 Қ. Сәтпаев атындағы ЖОМ, №7 В. Комаров атындағы ЖОМ, №8 О. Бапышев атындағы ЖОМ), 14-ші кәсіптік-техникалық мектеп, аурухана, «Халықтар достығы» сарайы, 2 мейманхана, спортзал, Алпамыс батыр атындағы футбол стадионы және т.б. мекемелер жұмыс істейді. Кент арқылы Ташкент – Жизақ, Шымкент – Жетісай автомобиль жолы өтеді.