Ференц Пушкаш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:16, 2024 ж. шілденің 30 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Ференц Пушкаш (Үлгі:Lang-hu 2 сәуір 1927 жыл, Будапешт, Мажарстан17 қараша 2006 жыл, Будапешт, Мажарстан) — әйгілі<ref>Легенда футбола по имени Ференц ПушкашҮлгі:Ref-ru</ref> мажар футболшысы және бапкерi<ref name="d" />.

Өмiрбаяны

Карьерасының басы

1927 жылдың 2 сәуірі. Мажарстан, Будапешт. Жұмысшылар әулеттері орналасқан Кишпешт ауданы<ref name="d" />. Осында тап осы күні венгр футболы тарихындағы ең ұлы тұлға – Ференц Пурчельд өмір табалдырығын аттады<ref name="a">Ференц ПушкашҮлгі:Ref-ru</ref>. Әкесі жергілікті «Кишпешт» командасының белді ойыншыларының бірі болып табылатын Ференц аяғын апыл-тапыл баса бастағаннан допқа үйір болып өсті<ref name="боль">Гордость и боль венгерского футбола Үлгі:WebarchiveҮлгі:Ref-ru</ref>. Оның жасы 11-ге келгенде әкесі өзінің тегін «Пушкаш» деп өзгертті. Осыған орай Ференц те енді «Пушкаш» деген фамилияны алды<ref name="a" />.

Клубтық

Сурет:DiStefanoPuskas.jpg
Альфредо ди Стефано және Ференц Пушкаш

Жергілікті «Кишпешттің» дайындық тобында 9 жасынан ойнаған Ференц жасы 16-ға толғанда клубтың ересектер командасы сапына алынды<ref name="боль"/>. Өзінің футболдағы ғажайып жолы осылай басталған Пушкаш арада екі жыл өткенде, 18 жасында бірінші рет Венгрия құрамасы сапында жасыл алаңға шықты<ref name="d">Ferenc Puskas BiróҮлгі:Ref-es</ref>. Бұл мадиярлар елі бас командасының Австрия құрамасымен кезекті кездесуі болатын. Өздерін ара-тұра болып тұрған аздаған үзілісімен он бесінші ғасырдан бері билеп-төстеген Габсбургтер әулеті мен Аустрия-Венгрия империясының негізгі өкілдері болып табылатын австриялықтарды өлердей жек көретін венгрлер бұл ойынға барын салып, қарсыластарын 5:2 есебімен талқандап шықты. Олар австриялықтарды бұдан бір күн бұрын қоңыртөбелдеу есеппен, 2:0 есебімен жеңген еді. Бірақ бұл матчқа Пушкаш қатысқан жоқ<ref name="боль"/>.

1956 жылғы қазанда Венгрияда халық көтерілісі бұрқ ете қалды… Будапешттің тас көшелеріне кеңес әскерлерінің танктері гүрілдеп кіріп жатқанда, құрамында Ференц Пушкаш та бар «Гонвед» командасы Еуропа елдерінде турнеде жүр еді. Оқиғаны сырттай бақылаған команда ойыншылары дүрбелең басылғанша елге оралмай, өздері сол кезде қадам басқан Испания жерінде тұра тұрғанды жөн көрді. Ал бәрі тыныштанғаннан кейін Венгрияның бұрынғы бағытынан таймағаны, яғни, коммунистік режимде қалғаны белгілі болды. Бұл демократияны көксеген озық ойлы азаматтардың көңілінен шықпады. Осы тұста Венгрия құрамасының негізін құрайтын «Гонвед» футболшылары алдында екі түрлі таңдау тұрды. Олардың біріншісі – отанға оралып, кешігіп келгендері үшін әскери қызметкерлер ретінде тиісті жазаларын алу болса, екіншісі Батыста қалып, капиталистік үрдіспен ақша табудың жолына түсу еді. Футболшылардың басым бөлігі екінші жолды таңдады. Олардың қатарында Ференц Пушкаш та бар болатын<ref name="боль"/>.

Ференц Пушкаш «Реал» клубының үмітін молынан ақтады. Ол команда сапында ойнаған бірінші жылдың өзінде 24 ойында 21 гол соқты<ref name="a" />. 1959-1960 жылғы маусымда 24 ойында қарсы қақпаға 26 доп түсірді. Сол жылы ол испан азаматтығын алып, есімін «Франсиско» деп өзгертіп, осы елдің құрамасы сапында ойнай бастады. 1962 жылы «Өлім шақыратын сол аяқ» (Пушкаштың лақап аты) Чилиде өткен әлем біріншілігінде Испанияның намысын қорғап, алаңға шықты. Пушкаш, жалпы, Испания чемпионатында төрт рет ең үздік мерген атанды.

Құрамадағы карьерасы

Шені жағынан қатардағы жауынгер, әйткенмен, футболшы ретінде барынша жетілген ол команда да, құрамада да жақсы ойынымен көзге түсіп, ұдайы гол соғып тұрды. Кейде Пушкаш ойынға белгіленіп берілген шеңбердің өзінен шығып кетіп, өз бетінше әрекет жасауға да көшіп кететін. Көбіне ол орталық форвардтың орнына ауысып алып, нағыз сойқанды салатын. Талантты ойыншы шетелдік клубтардың назарына да тез ілікті. Мәселен, Италияның «Ювентус» командасы 1947 жылдан оны өзіне шақыруға көшті<ref name="a" />. Алайда, футболшы қайтпастық танытып: «Мен өзімнің командам мен отбасымды ешқашан тастамаймын!» дегенді кесіп айтты. Сөйте тұра, келесі 1948 жылы ол клуб ауыстыруға мәжбүр болды. Ференц Пушкаш осы жылы «Гонвед» әскери клубы құрамында өнер көрсете бастады. Сол жылдың ішінде-ақ ол Венгрия чемпионатында 50 гол соғып, ең үздік мерген атанды<ref name="a" />.

Осыдан кейінгі алты жыл бойына Венгрия құрамасы бүкіл әлемнің футбол алаңдарында өзімен пара-пар келетін қарсылас таппай, нағыз ала құйын ойнатты. Жоғарыда айтылған «венгр сиқыршыларының» діңін сол кезде қақпашы Дьюла Грошич, оң қапталдағы орта шеп ойыншысы Йожеф Божик, орта шептегі шабуылшылардың триосы – Шандор Кочиш, Нандор Хидегкути және Ференц Пушкаш құрады. Венгрлер жолында кездескеннің бәрін ойсырата ұтты. Олар сондай-ақ ойынның тактикалық схемасын да өзгертіп жіберді. Инсайд-форвард орнындағы Кочиш пен Пушкаш әрдайым шабуылдың өтінде жүрсе, Хидегкути «артқа тартылған» орталық форвардтың міндетін атқарды. Осы құрамдағы мадиярлар 1952 жылы Олимпиялық ойындардың чемпионы атағын жеңіп алды. Ал бір жылдан кейін атақты Уэмбли стадионында алаң иелері – Англия құрамасын 6:3 есебімен талқандап тастады. Бұл «жеңімпаз» ағылшындардың құрлықтағы командалардан ұтылған бірінші ойыны еді<ref name="a" />.

Келесі, 1954 жылдың басында венгрлер Англия құрамасын тағы да тас-талқан етті<ref name="b" />. Бұл жолы Будапештте өткен ойында олар 7:1 есебімен жеңіске жетті. Осыдан кейін Швейцариядағы әлем чемпионатында Венгрия бас бәйгеден негізгі үміткерлердің бірі саналғаны түсінікті болатын. Жұрттың бәрі олардан тек жеңіс күтті. Алайда, үміт толығынан ақталмады. Дәлірегі, венгрлер әлем чемпионы бола алмады. Бұған, сірә, Ференцтің чемпионат басталған бойда ауыр жарақат алып қалғаны да себеп болса керек<ref name="b" />. Басты қарсыластардың бірі – ГФР құрамасымен ойында қатардан шығып қалған ол бұдан кейін барлық ойынды жіберіп, соңғы ойын – немістермен финалда болған кездесуге ғана қатысты. Бірінші ойында венгрлер германдықтарды 8:3 етіп, ойсырата жеңген еді. Сондықтан ақтық айқас та оларға жеңілге түсетіндей көрінген. Содан болар, жарақатынан толық айықпаса да, Ференц финалға шығуға ұмтылды<ref name="b" />. Мамандар сол кезде оның атақты сол аяғы мына нөпірге шыдар ма екен, деген күмән айтысты. Ференцтің өзі болса, шыдас беретініне еш күмәнданбады.

Сөйтіп, венгрлердің әлем чемпионатындағы ең алғашқы да соңғы финалдық ойыны басталып кетті. Оның бас жағы Пушкаш командасы үшін болды. Ойынның 12-минутында-ақ олар 2:0 есебімен алда тұрды. Осымен жеңістің ауылы қашық емес сияқты көрінген<ref name="b" />. Бірақ немістер бұған қанағаттанбады. Олар венгрлермен жағаласа жүріп, ақыры есепті теңестірді. Бір кезде алға да шықты. Есеп – 3:2! Мадьярлар қанша талпынғандарымен, есепті теңестіре алмады. Осылайша әлем чемпионы атағы немістердің қанжығасында кетті. Венгрия құрамасы соңғы төрт жылда тұңғыш рет ұтылды. Осы жеңіліс оларды алтын медальдан қақты<ref>Football's greatest: Ferenc PuskasҮлгі:Ref-en</ref>.

Осыдан бастап Испанияда қалып қойған футболшылар «Отанын сатқан опасыздар» атанды<ref name="a" />. Атақты венгр құрамасы осылай өзінің өмір сүруін тоқтатты. Осы кезге дейін оның құрамында 84 ойын ойнап үлгерген Ференц Пушкаш 83 (!) гол соқты… Сол кезде оның қандай сезімде болғаны бізге белгісіз. Ал елде Ференцтің анасы қалып еді. Олар ұзақ жылдар бойы бір-бірін көре алмады<ref name="боль"/>. Сосын футболшы Аустрияға келіп орналасты. Көп ұзамай отбасын осында көшіріп алды. Оның бар арманы Италия чемпионатында ойнау болды. Әйткенмен, оны жасының ұлғайып қалғаны алаңдатты. Сол кезде көмекке «Гонведтің» Испанияда орнығып қалған бұрынғы жаттықтырушысы Эмиль Остеррайхер келді<ref name="d" />. Ол шәкіртін Мадридтің «Реалына» орналастыруға жәрдемдесті<ref name="d" />. Бұл клуб ФИФА мен Венгрия футбол федерациясы тарапынан жасалған барлық шектеулер мен ескертпелерді ысырып тастап, оны өз қатарына алды. Клуб толысып кеткен футболшының өзін қалпына келтіруі үшін жарты жыл мұрсат берді. Осы аралықта Ференц жиырма келіге жуық салмақ тастап, жасыл алаңға қайта шықты<ref name="a" />.

Атамұра

1966 жылы футбол ойнауды аяқтаған Ференц жаттықтырушылық жұмысқа көшті<ref>Ференц Пушкаш. БиографияҮлгі:DeadlinkҮлгі:Ref-ru</ref>. Ол 1993 жылы туған елі – Венгрияға қайтып көшіп келді. Біршама уақыт ел құрамасы тізгінін ұстады. Ал 2006 жылдың 17 қарашасында 79 жасында пневмониядан қайтыс болды<ref>Скончался Ференц ПушкашҮлгі:Ref-ru</ref>. Ол ФИФА-ның шешімімен XX ғасырдың ең үздік бомбардирі атанды. Пушкаш Венгрияның 5 рет, Испанияның 5 рет чемпионы атағын жеңіп алды. Еуропа чемпиондары Кубогына 1959, 1960 және 1966 жылдары қол жеткізді<ref name="боль"/>.

Жетістіктері

Командалық

Үлгі:Flagicon Гонвед Будапешт

Үлгі:Flagicon Реал Мадрид

Үлгі:Flagicon Венгрия Ұлттық футбол құрама командасы

Жеке

Клубтық мансап кестесі

Клубтық мансабы
Командасы Маусым Лига Кубогтар Чемпиондар

кубогы

Қалғаны Ресми
ойындары
Бейресми ойындары Барлығы
Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар
Кишпешт B 1943/44 3 4 - - - - - - 3 4 0 0 3 4
Барлығы 3 4 0 0 0 0 0 0 3 4 0 0 3 4
Гонвед 1943/44 18 7 1 0 - - - - 19 7 0 0 19 7
1944/45 4 3 - - - - - - 4 3 3 0 7 3
1944 9 4 - - - - - - 9 4 0 0 9 4
1945 20 10 - - - - - - 20 10 0 0 20 10
1945/46 34 35 - - - - - - 34 35 4 16 38 51
1946/47 30 32 - - - - - - 30 32 ? ? ? ?
1947/48 32 50 - - - - - - 32 50 ? ? ? ?
1948/49 30 46 - - - - - - 30 46 ? ? ? ?
1949/50 30 31 - - - - - - 30 31 0 0 30 31
1950 15 25 - - - - - - 15 25 5 4 20 29
1951 21 21 1 1 - - - - 22 22 8 5 30 27
1952 26 22 3 12 - - - - 29 34 4 4 33 38
1953 26 27 - - - - - - 26 27 3 4 29 31
1954 20 21 6 4 - - - - 26 25 9 12 35 37
1955 26 18 0 0 - - 4 3 30 21 5 2 35 23
1956 13 5 0 0 2 1 - - 15 6 20+ 15+ 35+ 21+
1957 0 0 - - - - - - 0 0 7 11 7 11
Барлығы 354 357 11 17 2 1 4 3 371 378 68+ 73+ 439+ 451+
Реал Мадрид 1958/59 24 21 5 2 5 2 - - 33 25 11 10 45 35
1959/60 24 25 5 9 7 12 - - 36 46 14 13 50 59
1960/61 28 27 9 14 2 0 2 2 41 43 19 17 60 60
1961/62 23 20 8 13 9 7 - - 40 40 9 12 49 52
1962/63 30 26 7 5 2 0 - - 39 31 12 12 51 43
1963/64 25 21 0 0 8 7 - - 33 28 9 4 42 32
1964/65 18 11 4 4 3 2 - - 25 17 10 8 35 25
1965/66 8 4 3 1 3 5 - - 14 10 15 5 29 15
1966/67 - - - - - - - - 0 0 12 8 12 8
1967/68 - - - - - - - - 0 0 - - 0 0
1968/69 - - - - - - - - 0 0 1 0 1 0
Бары 180 155 41 48 39 35 2 2 262 240 112 89 374 329
мансабы барлығы 537 516 52 65 41 36 6 5 636 622 180+ 162+ 816+ 784+

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиет

  • (өмірбаяны) Ferenc Puskas: Captain of Hungary: Ferenc Puskas (1955). Reprinted in 2007 Үлгі:Ref-en [1]
  • Behind the Curtain — Travels in Eastern European Football: Jonathan Wilson (2006) Үлгі:Ref-en [2]
  • The World Cup — The Complete History: Terry Crouch (2002) Үлгі:Ref-en [3]
  • 50 Years of the European Cup and Champions League: Keir Radnedge (2005) Үлгі:Ref-en [4]

Үлгі:Commonscat

Сыртқы сілтемелер