Вазелин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:56, 2014 ж. мамырдың 29 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Сурет:White Petrolatum1.jpg
Вазелин
Вазелин — минералдық май мен қатты көмірсутектердің (парафин, церезин, петролатум) бір текті май тәрізді қоспасы. Вазелинді қатты көмірсутектерді (15 — 20%) балқытып немесе олардың минералдық майлардағы қоспасынан алады, оны күкірт қышқылымен және ағартқыш сазбен тазартады. Балқу t 50 — 65°С. Қолданылуына қарай медициналық, технологиялық, конденсаторлық болып бөлінеді. Вазелин медицинада, металдарды коррозиядан қорғауда, электротехникалық өнеркәсіпте, т.б. кеңінен қолданылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Commonscat <references/>