Қойшығұл Жылқышиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:37, 2016 ж. шілденің 25 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қойшығұл Жылқышиев - 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. 1975 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті. Республикалық «Махамбет» қорының тете-президенті. Қазір Қазақстан жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры.

«Тұңғыш» (1978), «Мүң-кітап» (1998), «Асаукер» (2001) жыр кітаптарының авторы.

Жетістіктері

М. Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А. Байтұрсынов атындағы сыйлығын алған (1996).

«Тамаша» ойын-сауық отауын ашқаны үшін (Л.Есеновпен бірге) авторлық куәлік берілген.

Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала