Әлімқұл Бүркітбаев
Әлімқұл Бүркітбаев (16 наурыз 1942, Шу ауданы — 24 тамыз 2003, Алматы) — Қазақстандық спортшы, ғалым, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Балалар үйінде тәрбиеленген. Бішкек дене тәрбиесі институтын, Пекин университетінің шығыс медицинасы факультетін бітірген. Бокстан Қырғызстанның бес дүркін чемпионы. Спорт тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, профессор атағына ие болды. Жамбыл облысының спорт комитеті төрағасының орынбасары, ҚКСР Оқу министрінің көмекшісі, Абай атындағы педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ол Қажымұқан туралы деректі кітап пен ғылыми зерттеулердің, «Мұғалім», «Қазақтың ат спорты», «Жетімек» сынды басылымдардың авторы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
- 16 наурызда туғандар
- 1942 жылы туғандар
- Шу ауданында туғандар
- 24 тамызда қайтыс болғандар
- 2003 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары
- Қазақстан боксшылары
- Қырғызстан чемпиондары
- Профессорлар
- Қазақстан спорт қайраткерлері
- Қазақстан ғалымдары
- Қазақстан жазушылары