Әділғазы Қайырбеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:35, 2016 ж. қыркүйектің 5 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Әділғазы Қайырбеков - 1955 жылы 10 қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауданының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) Қожагелді ауылында туған.
Өмірбаяны
- Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін 1972 жылы, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін 1978 жылы тамамдаған.
- Еңбек жолын 1978 жылы С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінде экскурсовод болып бастаған.
- Қазақ телевизиясының Жастар редакциясында редактор (1979 -1981)
- «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде мәдениет және әдебиет бөлімдерінің тілшісі, меңгерушісі (1981-1991)
- «Халық кеңесі» газетінде руханият бөлімінің меңгерушісі (1991 - 1996)
- «Қазақ елі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары - «Шалқар» қосымшасының редакторы (1996-1999)
- «Қазақ Энциклопедиясы» Бас редакциясының жетекші маманы (1999 - 2000) болып қызмет атқарған.
- 2000 жылдан бері С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры.
Шығармалары
- Бастау. Өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1980;
- Ақ тума (Жетіген). Поэма және өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1984;
- Шамшырақ. Өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1987;
- Сөз бен іс. Деректі әңгімелер мен очерктер. Алматы. «Жалын», 1988;
- Намыс найзағайы. Деректі хикаят. Алматы. «Шартарап», 1996;
- Шер шертер. Жыр кітабы. Алматы. «Ана тілі», 1998;
- Саға. Эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам. Астана. «Фолиант», 2003;
- Автореферат. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ поэзиясы: ізденістер, проблемалар (1991-2001 ж.ж.). Алматы. «Комплекс», 2004;
- Шарайна. Библиографиялық көрсеткіш. Алматы. «Мерсал», 2005;
- Бөртостаған. Жыр кітабы. Алматы. «Жазушы», 2005;
- Ардакүрең. Эссе, әдеби сын-зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам. Алматы. «Дәуір», 2008.
- Сұлутал. Жыр кітабы. Астана: "Астана-полиграфия", 2009;
- Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы. Зерттеу кітабы. Алматы: "TST Company", 2011;
- Жандауа. Жыр кітабы. Алматы :"TST Company", 2013;
- Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит. Эсселер,ғылыми-зерттеу мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат. Алматы: Айғаным, 2014.
- 10 томдық шығармалар жинағы. Алматы :"TST Company", 2014;<ref>Әділғазы Қайырбеков. 10 томдық шығармалар жинағы. Алматы.- "TST Company", 2014</ref>
Марапаттары
- Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
- Филология ғылымдарының кандидаты.
- ҚР Мәдениет қайраткері.
- ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасы
- «Астана -10 жыл»
- "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен
- ТҮРКСОЙ-дың "Тоқтоғұл-150" мерейтойлық медалімен марапатталған.
- Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі.