Роза Ұлтубайқызы Бейсембаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Роза Ұлтубайқызы Бейсембаев (1944 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті) – биол. ғыл. докт. (1985), проф. (1997). Мәскеу мемл. ун-тін (1966) және оның аспирантурасын (1969) бітірген. 1970–1994 ж. Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биол. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі, 1994–1995 ж. Биотехнология жөніндегі ұлттық орт. бас директорының орынбасары болды. 1995 жылдан ҚР ҰҒА-ның Эксперименттік биол. ин-тында лаборатория меңгерушісі. 70-тен астам ғыл. еңбегі жарияланған. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>