Қайымов Баян

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:07, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қайымов Баян<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1983), профессор (1985). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазМУ-ды (1955, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1961) бітірген. Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1961–84), Алматы халық шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі (1984) қызметтерін атқарған. «Проблема повышения рентабельности зернового производства в районах основной целины (по материалам совхозов Северного Казахстана)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің экономикасына арналған.

Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub