Марат Ілиясов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:46, 2016 ж. маусымның 21 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Марат Ілиясов (1956 жылы туған, Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы) – сазгер-әнші. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.
Өмірбаяны
- Шымкенттің әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітірген.
- Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетік қызмет Академиясының «мемлекеттік басқару саласын» бітірген.
- Еңбек жолын Қазақ теледидарында редактор болудан бастаған.
- Қазақ радиостудиясының директоры ретінде жалғастырды.
Шығармашылығы
Ілиясов ең алғашқы әнін Мұзафар Әлімбаевтың «Айнұр құсты аяйды» деген өлеңіне 11 жасында шығарды. Мұнан кейін балалық шақтың әсерінен туындаған:
- «Кең мекенім»
- «Құстар келді»
- «Өз елім»
- «Ана тілі»
- «Шілде»
- «Кел көктемім» атты әндерін дүниеге келтірді.
Лирикалық сазды әуендер санатына жататын:
- «Мен саған өкпелемеймін»
- «Құштарым сен»
- «Арманға бірге барайық»
- «Аққуымды аяла»
- «Сені ойладым»
- «Мерекем сен»
- «Бір өкініш, бір үміт»
- «Қимас қалқам»
- «Ақ ботам»
- «Сұлуым»
- «Сезім» сияқты әндері Ілиясовті кең танымал композитор санатына жеткізді.
- «Дала дастарқаны»
- «Ерлікке ескерткіш»
- «Балуан Шолақ» әндері сазгердің философиялық, азаматтық үлгіге кеңінен құлаш сермегендігін көрсетеді.
Жетістіктері
- республикалық «Дарын» сыйлығы
- Республикалық жас композиторлар конкурсы
- «Жігер» фестивалінің әлденеше дүркін лауреаты атанды.
Кітаптары мен әндер жинағы
- 1988 ж. «Мерекем сен» деген атпен әндер жинағы жеке күйтабаққа түсіріліп таратылды.
- 1990 ж. «Өнер» баспасынан «Аққуыңды аяла» атты әндер жинағы жарық көрді.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}