Марат Ілиясов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марат Ілиясов (1956 жылы туған, Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы) – сазгер-әнші. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.

Өмірбаяны

Шығармашылығы

Ілиясов ең алғашқы әнін Мұзафар Әлімбаевтың «Айнұр құсты аяйды» деген өлеңіне 11 жасында шығарды. Мұнан кейін балалық шақтың әсерінен туындаған:

  • «Кең мекенім»
  • «Құстар келді»
  • «Өз елім»
  • «Ана тілі»
  • «Шілде»
  • «Кел көктемім» атты әндерін дүниеге келтірді.

Лирикалық сазды әуендер санатына жататын:

  • «Мен саған өкпелемеймін»
  • «Құштарым сен»
  • «Арманға бірге барайық»
  • «Аққуымды аяла»
  • «Сені ойладым»
  • «Мерекем сен»
  • «Бір өкініш, бір үміт»
  • «Қимас қалқам»
  • «Ақ ботам»
  • «Сұлуым»
  • «Сезім» сияқты әндері Ілиясовті кең танымал композитор санатына жеткізді.
  • «Дала дастарқаны»
  • «Ерлікке ескерткіш»
  • «Балуан Шолақ» әндері сазгердің философиялық, азаматтық үлгіге кеңінен құлаш сермегендігін көрсетеді.

Жетістіктері

  • республикалық «Дарын» сыйлығы
  • Республикалық жас композиторлар конкурсы
  • «Жігер» фестивалінің әлденеше дүркін лауреаты атанды.

Кітаптары мен әндер жинағы

  • 1988 ж. «Мерекем сен» деген атпен әндер жинағы жеке күйтабаққа түсіріліп таратылды.
  • 1990 ж. «Өнер» баспасынан «Аққуыңды аяла» атты әндер жинағы жарық көрді.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}