Тұрған Бектасқызы Бекжанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:15, 2023 ж. сәуірдің 4 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тұрған Бектасқызы Бекжанова (1923-2003) – Түркістан облысы Арыс станциясында туған. -- баспагер.

Өмірбаяны

3 жасында ата-анасынан бірдей айырылып, жетім қалады. №2 балалар еңбек коммунасына тапсырылады. Сонда бастауыш білімді үздік дәрежеде алады. Балалар үйінің жолдамасымен Шымкент қаласындағы типографияга жұмысқа орналасты рьшады. Еңбек жолы 1938 жылы 14 жасында басталады.

Баспахананың линотиписткасы болып істеген Тұрған Бектасқызы қажырлы еңбегінің арқасында тәжірибе жи нақтап, үқыпты белсенділігімен көзге түсіп, 1957 жылы Алматы полиграф комбинатына қызметке ауыстырылады.

Марапаттары

Өз мамандығын жауапты атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасқаны үшін Кеңес Одағының ең Жоғары наградасы Ленин орденімен марапатталады.

Әлденеше рет Қазақстан Компартиясы съездерінің делегаты болады. Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланады. Алматы қалалық халық сотының мүшесі болады.

Оның полиграфкомбинаттагы ұзақ жылдық тұрақты еңбегі еленіп, көптеген құрмет грамоталарымен, медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала