Күлімхан Мәлікқызы Арымбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Күлімхан Мәлікқызы Арымбаева — педагогика ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1957 жылы 25 маусымда қазіргі Түркістан облысында туған.

Шымкент педагогикалық мəдениет институтын (1980), Ленинград мемлекеттік мəдениет институтының аспирантурасын (1990) бітірген.
Алматы облысы, Қаскелең мəдени-ағарту училищесінің мұғалімі (1980-83), Шымкент педагогикалық мəдениет институтында оқытушы (1983-86), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (қазіргі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті) оқытушы, кіші ғылыми қызметкер, доцент (1990-2010). 2011 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі.

Ғылыми бағыты

Негізгі ғылыми бағыты – девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен түзетушілік-педадгогикалық жұмысқа арналған.
"Научные основы проектирования содержания социально-педагогической реабилитации подростков девиантного поведения" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер