Мұғалжар желі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:31, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Мұғалжар желі– Мұғалжар тауы атырабындағы дауылды жел. Мұғалжар желінің әсері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбе облысында жерінің оңтүстігінде байқалады. Жел осы өңірге солтүстік-батыс және батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ойпат ауасының сорылып тартылуынан және өте кең аймақтағы орография элементтердің әсерінен кейде күшті дауылға айналады. Шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта соғатын желдің жылдамдығы 20 – 30 м/с, кейде 50 м/с-қа жетеді. Мұндай жел жылына 30 шақты рет қайталанады. Көбіне Қазақстан жеріне Сібір антициклоны (қаңтар – наурыз және қараша – желтоқсан айларында) қарлы боран әкеледі, ал көктемде жауын-шашынның көбірек түсуіне әсер етеді.
Дереккөздер
“Қазақ энциклопедиясы – VI том”