Мұғалжар желі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұғалжар желі– Мұғалжар тауы атырабындағы дауылды жел. Мұғалжар желінің әсері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбе облысында жерінің оңтүстігінде байқалады. Жел осы өңірге солтүстік-батыс және батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ойпат ауасының сорылып тартылуынан және өте кең аймақтағы орография элементтердің әсерінен кейде күшті дауылға айналады. Шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта соғатын желдің жылдамдығы 20 – 30 м/с, кейде 50 м/с-қа жетеді. Мұндай жел жылына 30 шақты рет қайталанады. Көбіне Қазақстан жеріне Сібір антициклоны (қаңтар – наурыз және қараша – желтоқсан айларында) қарлы боран әкеледі, ал көктемде жауын-шашынның көбірек түсуіне әсер етеді.

Дереккөздер

“Қазақ энциклопедиясы – VI том”

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұғалжар желі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}