Бестас құмы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:49, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

БестасБалқаш көлініңнің оңтүстігіндегі жал құм. Қаратал өзені мен Шет Бақанастың құрғақ арнасы аралығында батыстан шығысқа қарай 110 — 115 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 80 — 90 км-ге созылған. Оңтүстігінде Сарыесікатырау құмына жалғасады. Құмды алқаптың абсолюттік биікттігі солтүстікке қарай кеми береді. Құм жалдың биіктігі 3 — 20 м, солтүстік-шығысы жарқабақты, оңтүстік-батыс беткейі көлбеу келеді. Сексеуіл, еркекшөп, теріскен, жусан өскен. Солтүстігіндегі ойпаң жерлерінде бұта, жыңғыл, көл маңына таман қамыс өседі. Жер асты суы 5 — 20 м тереңдікте. Бестас құмы — қысқы мал жайылымы.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub