Досбай Есалыұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Досбай Есалыұлы (1838, Бәйдібек ауданы Досан ауылы – 1916, сонда) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы Ысты тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

1873 жылы болыс болған, кейіннен ел-жұрты би етіп сайлаған. Ел арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп, халық құрметіне бөленген. 1901 жылы Меккеге қажылыққа барады. Қажылық сапардан оралғаннан кейін той жасап, бұл тойда Зұлпықар, Ергөбек, Алдаберген, Мейірбек ақындар айтысқан.

Досбайдың нақыл сөздері ел арасында сақталған. Олардың ішінде ат бапкерлігі, сыншылдығына қатысты айтқандары да бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Суретсіз мақала