Досбай Есалыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досбай Есалыұлы (1838, Бәйдібек ауданы Досан ауылы1916, сонда) – би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы ысты тайпасынан шыққан. 1873 ж. болыс болған, кейіннен ел-жұрты би етіп сайлаған. Ел арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп, халық құрметіне бөленген. 1901 ж. Меккеге қажылыққа барады. Қажылық сапардан оралғаннан кейін той жасап, бұл тойда Зұлпықар, Ергөбек, Алдаберген, Мейірбек ақындар айтысқан. Досбайдың нақыл сөздері ел арасында сақталған. Олардың ішінде ат бапкерлігі, сыншылдығына қатысты айтқандары да бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}