Айту Жаубасарұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:29, 2023 ж. наурыздың 29 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Айту Жаубасарұлы (17461790) — би, Балпық бидің шәкірті. Жас кезінен билік айтуға араласқан. Айтудың білгірлігі мен әділдігіне риза болған Балпық би оған “Айтудан айтар сөз артылмаған” деп баға берген. Жалайыр тайпасының Қалпе руынан шыққан.<ref>http://adebiportal.kz/upload/iblock/639/6398b60fe52d96355f7cd89e452b7ea8.pdf</ref><ref>http://madenimura-zhetisu.kz/kz/biz-turaly.html Үлгі:Webarchive</ref>

Айтудың басына ұрпақтары кесене орнатты (1997, Үштөбе-Көксу автомобиль жолының бойы, Оян ауылы). Кесененің биіктігі 12 м., аумағы 30 м2, күмбезі қос сатылы, төменгі қабаты 7 бұрышты. Сәулетшілері Бейсенбаева Ғ., Әлімжанов А.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала