Балпық би
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Балпық би (1694 —1784 жж.) Осыдан 280 жылдай уақыт бұрын Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Ескелді би, Қабылиса (Қабан) ақынмен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1694 жылы дүниеге келіп, Қаратал, Көксу бойында 1784 жылы қайтыс болса керек.
Өмірбаяны
Балпық он екі ата Жалайырдың ең үлкені Андас тармағына жатады. Қай жерде, қандай жағдайда болмасын өзінен екі жас үлкен Ескелді бимен аты қатар аталған. Жүздеген жылдар бойы үздіксіз шапқын жасап тұрған Жоңғар қалмақтарынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын паналап жүрген Жалайырлардың басын құрап, Ескелді, Қабан ақын, Орақ батырлармен бірге жаудан босаған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныстандырған еңбегі ел аузында ерекше айтылады. Бұл жөнінде мынадай жыр жолдары сақталған:
Сырдарияның бойында,
Қазалының ойында,
Халқын түгел жинаған.
Қараталдың бойына,
Текелінің ойына,
Қоныстанып тойлаған.
Нақтылы деректерге сүйенсек, Балпық, Ескелді, Орақ батыр Аңырақай шайқасында Жалайырлардың қолын бастап, қалмақтарды Ӏле дариясына тоғытқан. Жаудың негізгі күші Талдықорған жаққа қашқанда үлкен бір тобы қасқа жолдан шалғайда жатқан Ӏле, Балқаш, Қамау жақты паналамақ болады. Ұлы қолбасшылар Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Жаныс Өтеген, Албан Райымбектер қалмақтарды күншығыс жаққа түре қуғанда, артта, қапталда қалған жау тобын жайратуды Ескелді, Балпық, Орақ батырлардың жасағына тапсырса керек. Қапшағайдан Балқашқа дейінгі 500 шақырымдай ұзақ жолда олар жүргізген жойқын жорық жайында ел аузында аңыз, әңгіме көп. Осы күнге дейін Ӏле, Жиделінің құйылысында, Балқаш теңізіне жақындау аймақта Үш қалмақ деген шұрайлы жер бар. Сол үшеуі өз еркімен жалайырлардың қолбасшыларына тыңшылық қызмет етсе керек, содан сол жер үшеуіне сыйға берілген тәрізді.
Балпық би туралы жырлар
XIX ғасырда өмір сүрген өрен жүйрік ақын Бақтыбай "Қамау сапары" атты толғауында былай дейді:
Байұзақ, Мәмбет еді Абақтағы,
Ескелді, Балпық еді Тарақтағы.
Бар еді Жақсымбетте Асан, Сиық,
Осылар кембағалды жылатпады.
Асанда Қабылиса деген өтті,
Жемітті өле-өлгенше ұнатпады.
Ескелді, Балпық, Сиық, Қабылиса
Жарлыны жарға итеріп құлатпады.
Андаста аты шыққан Қарынбай би
Бөлені маңайына жолатпады.
XX ғасырдың ақыны Қалқа Жапсарбайұлы:
Сүйсінді Балпық көрген соң,
Іздеп тапқан жеріне,
Жеріне сөйкес көліне,
Жеріне шыққан шөбіне,
Осы жер қоныс болар деп,
Негізгі менің еліме...
Ел орнығып толған соң,
Меншікті жері болған соң,
Балпық пенен Орақты
Ескелді биді басшы ғып,
Алдынан жер шолады, — деп жырласа, "Жетісу" деген өлеңінде:
Жалайыр деген елімнің
Үш жүз жылғы өткені,
Ескелді мен Балпықтың
Бастап келген мекені, — деп анық айтады.
Есенкелді Ӏлімдіұлы деген ақын былайша сөйлейді:
Қаратал, Көксу бойында
Қатар жатқан ел едік.
Үш әулие тұсында
Ұзаққа қолды сермедік.
Үш әулие тұсында
Біз кімдерден кем едік?!
Үш әулие тұсында
Талайға теңдік бермедік.
Үш әулие тұсында
Қалмақ пенен Ойратты,
Обыр менен озбырды
Табанға салып иледік,
Үш әулие тұсында
Қаратал, Көксу өлкесін
Содан бері жерледік.
Мұндағы қайталанып аталатын үш әулие — Қабылиса-Қабан ақын, Ескелді мен Балпық би екені өзінен-өзі түсінікті. Ал енді Қадырәлі ақынға сөз берейік:
Байтақ жатқан жерім бар,
Айдын-шалқар көлім бар.
Осы жердің иесі,
Әулие шалған киелі
Жалайыр деген елім бар,
Сол жерімді корғайтын,
Елім болып қолдайтын,
Жоқтаушысы жерімнің,
Қамқоршысы елімнің,
Арқа тұтып ардақтар
Балпық атты ерім бар!
Сейдахмет Қосжанұлы өзінің "Дана бабам" деген ұзақ толғауында былай дейді:
Балпық би Ескелдінің тете інісі,
Тең болған көріпкелдік, нақ киесі.
Зобалаң ойраттардан туған шақта,
Қол бастап болған екен ел иесі.
Арасы алыс емес екі-үш жастан
Пір тұтқан Ескелдіні әуел бастан.
Әзіл-қалжың арада болғанменен
Есекеңсіз татпаған алдағы астан.
Ескелді өтерінде Балпыққа айтқан:
Ел ішін алауыздық, даудан сақтан.
Біреуін алыстау деп сыртқа теуіп,
Біреуін жақындау деп ішке тартқан.
Соны айтып Ескелді би дүние салған,
Ерлігі ел аралық содан қалған.
Балпық би берген антын ағасына
Өлгенше сөзден тайып бір бұзбаған.
"Балпық сынды бабамыз" деген өлеңінде Сейітқали Елтайұлы өзінше толғайды:
Қазағымның қолдан бермей құрығын,
Ата-бабам сеуіп кеткен ұрығын.
Даласына шарапат боп дарыған,
Ескелді мен Балпық деген бір ұғым.
Күнә болар өз ойыңды көрген деу,
Қиын білем қиянатқа "көнем" деу.
Есекеңді аға тұту үлгісі
Бапакеңнің жатқандығы төмендеу.
Мен қалайша өздеріңді жат етем,
Өкініштен туар сөзің "қап" екен.
Аттарыңды тура айтып жатырмыз,
Кешіре гөр, Есекең мен Бапеке!
Серікбай Тұрланов деген талапкер ақын былай дейді:
Майысқан ойпаң, беткейлі қайың мың бұрау,
Талдырған жанар боз селеу шексіз жазықтар.
Қыш құбыр құшқан қорған ба, әлде арықтар,
Мүлгіген аруақ тастүйін мүсін қазықтар.
Оянды алып қолбасшы батыр Қабанбай,
Ескелді, Балпық билерім дана алаудай.
Рухымен бабам дүркіреп кетті ел-жұртым,
Қуаныш-теңіз толқынды шегін таба алмай.
Шешендік сөздері
Балпық айтты деген шешендік сөздер 1993 жылы жарық көрген ғылым докторы Нысанбек Төреқұловтың "Қазақтың би-шешендері" деген кітабына енген. Әлі де ел аузында жүрген, жиналып-қатталмаған қаншама үлағатты сөздер бар десеңізші. Өйткені тоқсан жас жасаған әулие қарияның ұрпаққа қалдырған мұрасы үшан-теңіз екеніне күмән жоқ. Мен реті келген соң республикалық, облыстық баспасөзде жарияланған кейбір сөздерін келтіре кетуді жөн көрдім:
Үлгі:Start citation
Ауызбірлік болмаса, көпте береке болмайды,
Изен-жусан болмаса, шөпте береке болмайды.
Теңімен ойнап-күлмесе, жаста береке болмайды.
Кеңінен ойлап істемей, баста береке болмайды.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Көп болмас жақсыға сөз айтқанменен
Шөп болмас арқалап сөз қайтқанменен.
Шоқ болмас құр жалпылдақ жаққанменен
Ақымақ сөзге көнбес айтқанменен.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Дүниенің қызуы күннен,
Киімнің жылуы жүннен.
Қараңғыны қаралап қайтеміз,
Жұлдыздың жарқырауы түннен.
Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің,
Кімнің шешен екенін дау келгенде білерсің.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Жақсыдан жаман туса, жыннан болар,
Жаманнан жақсы туса, нұрдан болар.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ханның ісі қараға түсер.
Көрінің ісі балаға түсер.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Басқы істің басында болмасаң,
Аяққы істің қасында болма.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ерді құдай, етікті нөл сақтайды,
Ерен жүйрік бәйгеде алшақтайды.
Үйірін жақсы айғырдың ат сақтайды.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ерінбегеннің еңбегі жанады,
Үйіне қызыр қонады.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Жегенде бал тәтті,
Шығарда жан тәтті.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Біреудің қайғысын айықтыра алмасаң да,
Алданыш айт, мейіріңді сезер.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Көшкен жұрттың қадірі қонғанда өтер,
Жақсының қадірі өлгенде өтер.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Бай болып ешкім жаппас жердің жүзін,
Сұлу болып ешкім жаппас күннің көзін.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Адамды асқынған ауру, жасанған жау,
Онан соң күйкі тірлік жеңеді.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ағайын қадірі — адалдық,
Аулақ жүрсін жамандық.
Жаманға бойды алдыртпа,
Қаларсың түнек, тарлықта.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ұрыға құн жоқ.
Ұрыға құн болса,
Момынға күн жоқ.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ғұмырды алла береді,
Нәсібін пенде береді.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ұзақ жасаған көп көреді.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келеді.
Ерден ердің артығы бар, несі артық?
Топ жарып сөйлеген сөзі артық.
Аттан аттың артығы бар, несі артық?
Аршындай басқан адымы артық.
Әйелден әйелдің артығы бар, несі артық?
Тыныш жүріп тындырған ісі артық.
Өлі арыстаннан тышқан артық.
Бәрінен де некелі жарды құшқан артық.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ауылыңда қария болса, салынған жолмен тең,
Атадан жақсы ұл туса, жалғыз да болса онмен тең.
Атадан жаман ұл туса,
Маңдайға біткен сормен тең.
Ағайын-жұртың көп болса,
Бастап жүрген қолмен тең.
Алғаның жақсы болса,
Пейіштен шыққан хормен тең.
Ажалың жетсе,
Алдыңда жатқан ормен тең.
Үлгі:End citation
Бұл сөздердің көбісі бұрынғы Талдықорған облыстық "[Жерұйық газетіЖерұйық", Қаратал аудандық "Қаратал" газеттерінде жарияланған. Әулие баба ғибраттарын жинауда Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Көксу ауданында тұратын С.Тәнекеев мырза көп еңбек етіпті. Ол Алматыда тұратын Дәндібайұлы Байжомарт, Қызылтоған ауылында тұратын Әлдибекұлы Тәңірберген, Бесқайнар|Бесқайнардағы Алдиярұлы Қабсөлім жөне осы ауылда тұрған марқұм Оспанұлы Нұрқасым, аудан орталығы Балпық кентінде тұратын Смағұлұлы Жапарқұл, "Қарашоқы" ауылында тұратын Халимолла қарт, "Мұқыры" ауылында тұратын Атанбайұлы Рыскелді сияқты көнекөз, құйма құлақ қариялардан 1964 жылдың қыркүйегіне дейін қағазға түсіріп, "Жерұйықта" жарияланған екен.
Үлгі:Start citation
Екі ел басы кездессе,
Ел-жұрттың тірлігін айтады.
Екі батыр кездессе,
Жауын шауып қырғанын айтады.
Екі абысын кездессе,
Алғаны мен бергенін айтады.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Екі малшы кездессе, ойдағы мен қырдағыны айтады,
Екі ұста кездессе, балғасының салмағын айтады.
Екі ұры кездессе, қайдағы мен жайдағыны айтады.
Екі жаман кездессе, тауды ұмытып, сайдағыны айтады.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Таудан аққан тас бұлақ, ол да құяр теңізге,
Арамза адам көз салар, мал ішінде егізге.
Атадан жаман туса да, тартпай қоймас негізге
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Жақсыдан хат қалады,
Темірден тат қалады.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ақыл ауысады,
Ырыс жұғысады.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Татулық үшін дау жаман,
Ӏштен шыққан жау жаман.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Үйіңді тікпей тұрып, көршіңді сайла,
Су салмай тұрып, құлағын байла.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Артық ас — арам,
Қайта құссаң — харам.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Қиянат қылма досқа,
Қадірің кетер босқа.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Өсер елдің баласы арманшыл келеді,
Өшер елдің баласы жанжалшыл келеді.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Оңашада ойыңды өлше,
Көп ішінде бойыңды өлше.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ағайынның аласы жаман,
Абысынның жаласы жаман.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүрінбей ел танымас.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Жөн білсең, жолдасыңды сыйла,
Досың үшін жаныңды қина.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Қу таяқты кедейге дәулет бітпес деме,
Бақ пен дәулет басымнан кетпес деме.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Сортаңға тұқым шашпа жер екен деп,
Бойлама иірімге көл екен деп.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Қадірін білсең, ар қымбат,
Бағалай білсең, бар қымбат.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Есекті өмілдіріктесең де ат болмайды,
Жаманды үйретсең де бас болмайды.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ит құтырса, иесін қабады,
Торғай құтырса, бүркітке шабады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Опасызға жолама — ойран салар,
Ойнасшылға жолама — басың дауда қалар.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Жақсы келін — от басының олжасы,
Жаман келін — күйеуінің қолбасы.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Аш адам не жемейді,
Жас адам не көрмейді.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Жақсыға айтсаң біледі,
Жаманға айтсаң күледі.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Тегі бір теппейді,
Түбі бір кетпейді.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Қыз өссе — үйдің көркі,
Гүл өссе — жердің көркі.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Патшаңыз түзік болса,
Жердің үсті қызық.
Патшаңыз бұзық болса,
Жердің асты қызық.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Бірлік бар жерде тірлік бар,
Ру бар жерде бұру бар.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Балта сабынан озбайды,
Соқыр көргенін жазбайды.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Бақ кетпейді, қуған жетпейді.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Уайым түбі — тұңғиық, түсерсің де кетерсің,
Тәуекел түбі — жел қайық, өтерсің де кетерсің.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Бойдақ қатын үйде тұрмас,
Оймақсыз ине қолға тұрмас.
Үлгі:End citation
Үлгі:Start citation
Ән — сәнің, күй — көркің.
Үлгі:End citation
Ұрпақтан ұрпаққа жеткен осынау ұлағатты сөздер айтқан адамды әулие емес деп кім айтады. Балпық — батагөй қария, ділмәр шешен ғана емес, ел басшысы — көсем болғаны айдай анық. Оның қарапайымдылығы мен данышпандығы қатар жүргенін мынадан да байқауға болады: дүниеден өзінен бұрын өткен екі-ақ жас үлкен Ескелдіні аға тұтып, өзін жерлегенде денесін екі шақырымдай жерге төменірек қоюды аманат еткен! Екеуінің туғанына да үш жүз жыл толуына байланысты өткен тойларына қатысқанда байқағаным, қайта көтерілген кесенелеріне ағайын-туыстары ғана емес, сол маңайдағы орыстар да, немістер де, корейлер де, барша қауымның аянбай ат салысқаны. Екі жүз жылдан бері бастарына түнегендер бала тауып, ауруынан жазылып, қырсығынан арылып келе жатқан қос әулиеге тұрғызылған зәулім ескерткіштер — ұрпақтар ұмытпайтын белгідей болып алыстан жарқырап көрініп тұр.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>
Қосымша
Балпық би (1705 жылы, Көксу ауданында - 1780) би, батыр. Жалайыр руынан шыққан. Әкесі мол дәулетжан атағы шыққан бай, анасының есімі — Ақбалық. Сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр ретінде Балпықтың аты Ескелеңмен қатар айтылған, екеуін егіз би деп атаған. Балпық жоңғар шапқыншығы кезінде өзінің аға достары Ескелді, Қабан жыраумен бірге Іле мен Қаратал арасындағы жалайыр, оған көршілес найман, суан, ысты руларының біраз бөлігін шабуыл өтінен дер кезінде әкетіп, қьірылып кетуден сақтады. Хантау мен Қаратаудан әрі ауылы Нақысбеков, "Балпық би асып, Сыр бойында тұрақтаған соң бірқатар жорықтарды басынан кешірді. Аңырақай шайқасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен бүгінгі Текелі қаласының маңындағы соғыстарға қатысқан. Әділ сөзімен жалайыр мен жаныс руларын табыстырған. Балпықтың ұлы Тіленші де беделді би болған. Әкелі-балалы билердің еліне сіңірген қызметі туралы Ш.Уәлиханов, Құнанбай Өскенбайұлы жазған, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Сара Тастамбекқызы, т.б. ақындар жыр еткен. Бейіті Үштөбе қаласының түбінде. Көксу ауданының орталығына Балпық би есімі беріліп, ескерткіш орнатылды. Әдебиеті:<ref>Негимов С., Шешендік өнер, ауылы, 1997; Исмайылов О., Балпық би, ауылы, 1994. Ү.Доспанбети</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub