Иіржар (құм)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Иіржар, Iріжар – Балқаш көлінің оңтүстігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды алқап.
Географиялық орны
Алматы облысы Балқаш және Жетісу облысы Қаратал аудандарының жерінде орналасқан.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен 386 м биіктікте. Қырқааралық ойпаңдарында сор және тақыр жерлер кездеседі. Жер асты суы 2 – 80 м аралығындағы тереңдіктен шығады. Солтүстігінде Бестас, шығысында Жаманқұм құмдары мен батысында Қарабасты қонысы жатыр.
Өсімдігі
Құм жалдардың етегінде қара сексеуіл, жүзгін, жусан, еркек шөп, күйреуік өседі. Негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>