Бестас (құм)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл

БестасБалқаш көлінінің оңтүстігіндегі жал құм.

Географиялық орны мен жер бедері

Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде, Қаратал өзені мен Шет (Бақанастың құрғақ арнасы) аралығында батыстан шығысқа қарай 110–115 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 80–90 км-ге созылған. Оңтүстігі Сарыесікатырау құмына жалғасады. Құмды алқаптың абсолюттік биіктігі солтүстікке қарай кеми береді. Құм жалдың биіктігі 3–20 м, солтүстік-шығысы жарқабақты, оңтүстік-батыс беткейі көлбеу келеді. Жер асты суы 5–20 м тереңдікте.

Өсімдігі

Сексеуіл, еркекшөп, теріскен, жусан өскен. Солтүстігіндегі ойпаң жерлерінде бұта, жыңғыл, көл маңына таман қамыс өседі. Бестас құмы — қысқы мал жайылымы.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер