Мелдекөл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Мелдекөл – Ырғыз алабындағы көл.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қиыр шығысында, Қарашоқат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы
Жауын-шашынға байланысты күрделі пішінді көлдің ауданы 19,8 км2-ден 25,0 км2-ге ұлғаяды. Ұзындығы 14 км, ені 3 км. Су жиналатын алабы 2920 км2. Жағалауы шығанақтармен тілімделген. Көлдің солтүстік-батысы сортаңды. Суы тұзды. Көлге көктемде Жабысай өзені құяды. Солтүстігінде Соркөл көлі, солтүстік-батысында Тентексор соры жатыр.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>