Үлкен Бөген
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлкен Бөген, Қаттыбөген – Бөген өзенінің оң саласы.
Географиялық орны
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік беткейінен алып, Ақбастау ауылының оңтүстік-батысында Балабөген өзенімен қосылып, Бөген өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 543 км2. Өзен арнасы толығымен дерлік тау шатқалымен ағады. Суы егістікке пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>