Үлкен Борсық
Үлгі:Шөл Үлкен Борсық — Арал теңізінің солтүстік-батыс жағасынан Ақтөбе облысының Шалқар қаласына дейінгі аралықты қамтитын құмды алқап.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде.
Жер бедері
Ұзындығы 200 км-ден астам, ені 25-30 км (теңіз жағалауында 80 км-ге дейін кеңейеді). Ауданы 3300 км2. Мұғалжар тауы мен Шағырай үстіртіне жалғасқан батыс бөлігі ойдым-ойдым шағын көлдер мен сортаңдар тізбегінен тұрады. Құм жағалауларында қыстаулар (Ойық, Итжеміс, Ақши, Шұқыр, т.б.), қоныстар (Қабырғайтау, Сарыбұлақ, т.б.) және құдықтар (Қосшыңырау, Аққұдық, т.б.) жиі кездеседі. Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Жер асты суы 1 — 25 м тереңдіктен шығады.
Геологиялық қүрылымы
Негізінен палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан, тек солтүстік-батыс бөлігі ғана жас аллювий шөгінділерінен түзілген.
Климаты
Қысы қатаң, жазы ыстық; қаңтардың орташа температурасы –12 — 15 С, шілдеде 25 — 26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 — 150 мм.
Өсімдігі
Қоңыр топырақта жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>