Көкалақұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:19, 2022 ж. желтоқсанның 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл КөкалақұмҮлкен Борсық құмының оңтүстік бөлігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылынан 7 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 5-6 км. Теңіз деңгейінен шамамен 140 м биіктікте жатыр. Жалды шағыл құмдардың шетінде Қызғалдақ, Жиек, т.б. қыстаулар орналасқан. Жер асты суы 1-25 м тереңдіктен шығады.

Геологиялық құрылымы

Палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан.

Өсімдігі

Қоңыр топырағында жусан, шеңгел, жүзгін, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер