Ковчег-тапан
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:49, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
«Ковчег-тапан» - Батыс Қазақстан облысындағы армян диаспорасының мәдени-ағарту қоғамы. Ол кәсіпкер С. Л. Тер-Григорянның бастамасымен 1995 ж. Орал қаласында құрылды. Қоғамның ұйымдастыруымен 1996 ж. армян тілін оқытып-үйрететін жексенбілік мектеп ашылды. Қоғам мүшелері облыс көлемінде, Орал қаласында өтетін әр түрлі мәдени-әлеуметтік шаруаларға белсене қатысып, тұрмысы нашар жерлестеріне көмек көрсетеді. Қазір облыста 484 армян ұлтының өкілі (1999) тұрады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>