Құланды (түбек)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:11, 2023 ж. қаңтардың 10 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Түбек Үлгі:Мағына ҚұландыАрал теңізінің солтүстігіндегі түбек.

Сипаты

Түбек 1980 жылға дейін теңізге 60 км-ге жуық сұғына кіріп жатқан. Абсолюттік биіктігі 129 м. Жағасы аз тілімделген, оңтүстігі жарлауытты (15 – 20 м). Батысында Чернышев, солтүстік-шығысында Тұщыбас шығанақтары орналасқан. Түбек палеогеннің әктас, мергель жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Жусан, баялыш, сексеуіл, жүзгін, т.б. шөлейттік өсімдіктер өседі. Шығысында қайнар бұлақтар, тұзды көлдер бар. Қоңыр көмір шығындылары кездеседі. Арал теңізінің тартылуына байланысты Құланды аралы жағалаумен бірігіп, пішіні өзгеріп кетті.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref><ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер