Чернышев шығанағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Чернышев шығанағы - Арал теңізінің солтүстік-батысындағы шығанақ. Теңізден Құланды түбегі және және Возрождения аралы бөледі. Шығанақ құрлыққа 25 км-ге сұғына еніп жатыр; ені 13 км-ге жетеді. Солтүстік және батыс жағасы жарқабақты. Мұнда Батыс Үстірттің қиыр шығысы шығанақ бойымен созыла орналасқан. Палеогеннің тығыздалған құмды-саздақты шөгінділерінен түзілген. Жағалауының қалған бөлігі ойпатты. Шығанақтың жағалауға жақын жердегі түбі құмайтты, суы тереңдеген сайын қайыр біртіндеп лайлы балшыққа айналады. Кейбір тұстарында қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінің құмдауытты жағалауын Құмсуат мүйісі алып жатыр. Арал теңізінің суы мол кезінде Возрождение аралы мен Құранды түбегі аралығының ені 80-85 км-дей болған. Қазір шығанақтың теңізге шығар бөлігінің ені 11 км.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер