Кәукей

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:00, 2022 ж. тамыздың 4 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

КәукейҚызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Қызылқұм ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік–батысқа қарай 95 км-дей жерде, Сырдарияның ежелгі арнасы – Қуаңдарияның төменгі ағысында, Бозкөл шығанағының оңтүстік жағалауындағы қамыс, құрақ өскен сортаң топырақты шөлді белдемде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1500 адам (758 ер адам және 742 әйел адам) болса, 2009 жылы 1220 адамды (619 ер адам және 601 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Тарихы

196397 жылдары қаракөл қой шаруашылығымен айналысатын Қызылқұм кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Кәукейде “Бозкөл” ЖШС-гі және 18 шаруа қожалығы ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы

Орта, бастауыш мектептер, кітапхана, мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазалы ауданы елді мекендері