Қозған (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:55, 2020 ж. қаңтардың 27 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ҚозғанЕсіл алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қараөзек ауылының батысында 8 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 342 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

Аумағы 8,6 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 14,4 км. Шарасында жыл бойы су болады. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады.

Жағалау сипаты

Өзімен аттас қазаншұңқырда жатыр. Жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Көлдің шығысында қарағай, қайың шоқтары өскен. Алабы мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер