Владимир Алексеевич Толоконников

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Владимир Алексеевич Толоконников (25.6.1943 ж.т., Алматы-15.07.2017, Мәскеу) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.

1972 ж. Ярославль театр училищесін бітірген. 1973 жылдан Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері. Осы театр сахнасындағы орыс және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысты. Бірқатар киноға түскен ("Иттің жүрегі", "Тоғысқан тағдырлар" телесериялы, т.б.).

Қазақстан Мемлекеттік сыйлық иегері. Бірнеше медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub